Жапонияның батысында жер сілкінісі бірнеше рет қайталанды
Бүгін таңертең Жапонияның батысындағы Чугоку аймағында 6,2 балдық жер сілкінісі болды. Елдің метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, дүмпулер бірнеше рет қайталанған. Зілзаланың эпицентрі шығыстағы Шимане префектурасынан анықталды. Дегенмен цунами қаупі жоқ. Құрбандар туралы мәлімет түспеді. Бірақ Шин-Осака және Хаката арасында қатынайтын зымыран-пойыз тоқтаған. Айта кетсек, Жапония сейсмикалық белсенді аймақта орналасқан. Сондықтан әлемдегі алты балдан жоғары зілзалалардың бестен бірі дәл осы елде тіркеледі.
Читайте также
Все
Республика бойынша 10 338 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр
29.11.2026, 10:15
Бүгін елімізде мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтіп жатыр
29.11.2026, 08:00
ШҚО-да спорт кешені ашылды
27.11.2026, 20:27
Мәслихат сайлауына дайындық аяқталды
27.11.2026, 20:07
«Бәйтерек» холдингі 2027 жылы экономиканы қолдауға 8 трлн теңге бағыттайды
27.11.2026, 20:06
Қазақстанның төрағалығы кезінде Арал қорына $170 млнға жуық қаржы тартылды
27.11.2026, 20:05
Халық пікірі: «Халықтық құрылыс» – өңір дамуының өзегі
27.11.2026, 20:04
Астанада боран соғып, тұман түседі
27.11.2026, 20:04