ШҚО-да кей ауылдарда аяз -43-45 градусқа жетті
Аяз әлі басылмай тұр. Әсіресе Шығыста. Өткен түнде өңірдегі Алтай, Самар, Марқакөл және Қатон-Қарағай аудандарындағы кейбір ауылдарда термометр бағаны -43-45 градус суықты көрсетті. Аязы қатты бұл елді мекендердің көбі Бұқтырма мен Ертістің жағасына қоныстанған. Сондықтан аяз күшейген ауылдардағы оқушылар сабақты үйден оқып жатыр. Бүгін облыстағы барлық аудан мен қаладағы орта мектеп онлайнға көшті. Кеше кешкі сағат 20:00-ден бүгін таңғы 8-ге дейін дизельмен жүретін автокөліктердің жүруіне шектеу қойылған. Қазір барлық бағыт ашық. Ал облыстағы жылу мен энергия беретін стратегиялық нысандар мен коммуналдық мекемелер қалыпты жұмыс істеп тұр.
Читайте также
Все«Бәйтерек» холдингі 2027 жылы экономиканы қолдауға 8 трлн теңге бағыттайды
27.11.2026, 20:06
Қазақстанның төрағалығы кезінде Арал қорына $170 млнға жуық қаржы тартылды
27.11.2026, 20:05
Халық пікірі: «Халықтық құрылыс» – өңір дамуының өзегі
27.11.2026, 20:04
Астанада боран соғып, тұман түседі
27.11.2026, 20:04
Энергетикалық сусындардың сатылымы екі жылда 65%-ға өсті
27.11.2026, 20:03
Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр президентіне көңіл айтты
27.11.2026, 20:03