Австралияда әлеуметтік желіде 4,7 млн жасөспірімнің парақшасы жабылды
Австралияда 16 жасқа дейінгілердің әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынғанына бір айдан асты. Осы уақыт ішінде 4,7 миллион жасөспірімнің аккаунты жойылған. Мұны осы елдің премьер-министрі Энтони Албаниз мәлімдеді.
Қазір Австралияның тәжірибесін бүкіл әлем жіті бақылап отыр. Франция, Малайзия, Индонезия дәл осындай заң қабылдайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар Еуропаның кейбір мемлекеттері мен АҚШ-тың бірқатар штаттары да жасөспірімдер үшін әлеуметтік медианы шектеу мәселесін талқылап жатыр.
Австралия үкіметінің ойынша, бұл тыйым өскелең ұрпақты интернеттің жағымсыз әсерінен қорғау үшін қажет. Алайда адам құқығын қорғаушылардың ойынша, жаңа заң балаларды өзгелермен тілдесу және ақпарат алу мүмкіндігінен айырып отыр.
Читайте также
Все«Бәйтерек» холдингі 2027 жылы экономиканы қолдауға 8 трлн теңге бағыттайды
27.11.2026, 20:06
Қазақстанның төрағалығы кезінде Арал қорына $170 млнға жуық қаржы тартылды
27.11.2026, 20:05
Халық пікірі: «Халықтық құрылыс» – өңір дамуының өзегі
27.11.2026, 20:04
Астанада боран соғып, тұман түседі
27.11.2026, 20:04
Энергетикалық сусындардың сатылымы екі жылда 65%-ға өсті
27.11.2026, 20:03
Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр президентіне көңіл айтты
27.11.2026, 20:03