Өскеменде шағын ауданның жартысы сусыз қалды
Өскеменде орталық суық су құбыры жарылып, кешеден бері бір шағын ауданның тең жартысы сусыз отыр. Шамамен екі жарым мыңға жуық абонент тіршілік нәрінсіз қалған. Алдын ала болжам бойынша қатты аязда жерасты құбыры шыдас бермеген. Коммуналдық апат болған сәттен бастап «Өскемен-су арнасы» мекемесінің бірнеше бригадасы жұмыс істеп жатыр. Құбырдың жарылған орны нақты анықталып, аққан су тоқтатылды. Қазір мамандар дәнекерлеп жатыр. Алайда қатты аяз ақауды тез қалпына келтіруге кедергісін келтіріп тұр.
Читайте также
Все«Бәйтерек» холдингі 2027 жылы экономиканы қолдауға 8 трлн теңге бағыттайды
27.11.2026, 20:06
Қазақстанның төрағалығы кезінде Арал қорына $170 млнға жуық қаржы тартылды
27.11.2026, 20:05
Халық пікірі: «Халықтық құрылыс» – өңір дамуының өзегі
27.11.2026, 20:04
Астанада боран соғып, тұман түседі
27.11.2026, 20:04
Энергетикалық сусындардың сатылымы екі жылда 65%-ға өсті
27.11.2026, 20:03
Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр президентіне көңіл айтты
27.11.2026, 20:03