Екібастұзды көк түтінге көмген кеніштерге айыппұл салынды
Екі күннен бері Екібастұз көк түтінге қақалып отыр. Тұрғындардың шағымы көбейген соң аймақ басшысы көмір кеніштеріне арнайы барды. Енді мұндағы қалдықтар тасталатын аумақ дрондар арқылы тәулік бойы бақыланады. Ал «Богатырь» мен «Шығыс» кеніштеріндегі көмір қазу тоқтатылған кейбір аумақтарда метан жинақталып, содан булану процесі басталған. Мұндай ошақтар дереу оқшауланды. Жедел тексеру барысында төрт ірі көмір өндіруші кәсіпорынға Экология департаменті тарапынан 2,9 млн теңге айыппұл салынды.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:
Сіздерге салынып жатқан айыппұл көлемі аз. Біздің мұны жүз есеге дейін көтеруге өкілеттігіміз жетеді. Тұрғындардың арызы негізсіз емес екеніне көзіміз жетті. Екібастұздықтар көмірдің жанып, қолайсыз иіс пайда болғаны, қаланы көк түтін басқаны жайлы жиі айтып кетті. Енді Экология департаменті бұл жағдайды үздіксіз бақылауда ұстайды.
Читайте также
Все«Бәйтерек» холдингі 2027 жылы экономиканы қолдауға 8 трлн теңге бағыттайды
27.11.2026, 20:06
Қазақстанның төрағалығы кезінде Арал қорына $170 млнға жуық қаржы тартылды
27.11.2026, 20:05
Халық пікірі: «Халықтық құрылыс» – өңір дамуының өзегі
27.11.2026, 20:04
Астанада боран соғып, тұман түседі
27.11.2026, 20:04
Энергетикалық сусындардың сатылымы екі жылда 65%-ға өсті
27.11.2026, 20:03
Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр президентіне көңіл айтты
27.11.2026, 20:03