Жаңа Конституция жобасы: Цифрлық қауіпсіздік
Жаңа Конституция жобасы - азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған маңызды құжат. Онда ғылым, білім және инновацияға көп көңіл бөлініп, адами капиталды дамытуға басымдық берілген. Құжатта цифрлық қауіпсіздікке де ерекше назар аударылған.
- Жаңа Конституция жобасында алғаш рет азаматтардың цифрлық құпиясын қорғау нормасы бекітілгені құптарлық болды. Қазіргі цифрлық дәуір кезінде дербес деректерді қорғау және байланысты Конституциялық деңгейде бекіткені қуантты.
- Цифрлық дәуір кезеңі. Ғаламтор, яғни, жасанды интеллект күннен күнге дамып жатыр. Дербес құқықтарын қорғау мақсатындағы осы жаңа жоба аясындағы Конституциясы өте дұрыс шешім деп санаймын.
- Ғылыми ұйымдардың мәртебесіне көп көңіл бөлініп жатыр. Оқу сапасы бойынша жақсы жетістіктерге жетеді деп ойлаймыз. Ұйымдардың мәртебесін, білім сапасын жақсартқан сайын ғалымдардың да осыған сұранысы көп болады. Ғалымдар көп болады.