Ақмола облысында 125 отбасы баспаналы болды
Бүгін 125 көкшетаулық отбасы баспаналы болды. Олардың қатарында әлеуметтік аз қамтылған жанұялар мен жетімдер және көпбалалы отбасылар бар. Өңірде бизнеспен ықпалдастықтың нәтижесінде жекеменшік құрылыс компанияларынан дайын пәтер сатып алу жұмысы жақсы жолға қойылған. Мәселен, былтыр осы әдіспен 750 отбасы баспана алды. Жалпы, биыл Ақмола облысы бойынша 26 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 1300-ден аса отбасы баспаналы болады деп жоспарланған.
Гүлмира Рақышева, көпбалалы ана:
Бүгінгі қуанышты күнім, ең алғашқы, 10 жыл бойы тосқан, 10 жыл пәтер жалдап тұрғанбыз. Алтын алқа иегері ата-анамын. Бүгін алғысым шексіз әкімшілікке, міне,пәтер беріп, кілтті ұстатып, баспанамызға қол жеткізіп, қуанышты болып. Халқымыз аман болсын, еліміз аман болсын. Осындай жақсы күндер көп болсын.
Читайте также
Все«Бәйтерек» холдингі 2027 жылы экономиканы қолдауға 8 трлн теңге бағыттайды
27.11.2026, 20:06
Қазақстанның төрағалығы кезінде Арал қорына $170 млнға жуық қаржы тартылды
27.11.2026, 20:05
Халық пікірі: «Халықтық құрылыс» – өңір дамуының өзегі
27.11.2026, 20:04
Астанада боран соғып, тұман түседі
27.11.2026, 20:04
Энергетикалық сусындардың сатылымы екі жылда 65%-ға өсті
27.11.2026, 20:03
Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр президентіне көңіл айтты
27.11.2026, 20:03