Қоңыр аю саны 27 пайызға көбейді
Шығыс Қазақстанда қоңыр аюлардың саны соңғы бес жылда 27 пайызға көбейген. Қазір өңір ормандарында олардың ұзын саны 4 мыңға жуықтады. Жалпы, жыл басынан бері облыстық орман және жануарлар шаруашылығы басқармасына аю шабуылына қатысты жетпістен аса шағым түскен. Әсіресе, Риддер қаласы мен Алтай ауданында мұндай деректер жиі кездеседі. Әрбір шақырту бойынша инспекторлар жедел барып, аумақты тексеріп, жыртқыш аңды үркітуге әрекет етеді. Мамандар аюлардың ауылға жақындауын табиғи қоректің азаюымен байланыстырады.
Ердос Үмітов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:
Браконьерлермен күресу арқасында жылдан-жылға аюдың саны көбейіп келеді. Екіншіден, қазір адамдар аюды көп көру себебі, бір екі жыл құрғақшылық болды. Табиғатта тамақтанатын астары азайғандықтан, олар ақырындап дәнді-дақыл отырғызған жерге келіп жатыр.
Читайте также
Все