Президент «Халықтық құрылыс» бойынша мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» инфрақұрылымдық жаңғырту бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлыққа қол қойды.
Комиссияның міндеті – бағдарлама жобаларының уақтылы әрі сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджеттік тәуекелдерге, бөлінген қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол бермеу.
Бағдарламаның іске асырылуы бойынша Президентке тоқсандық және жылдық есеп ұсынылады.
Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы ретінде Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы белгіленді.
Құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, журналистер, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, өңірлер мен бизнес қауымдастықтың өкілдері енді.
Читайте также
Все