Главная Новости Димаштың Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті

Димаштың Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті

Димаштың Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті. Сантьягодағы ең ірі концерт алаңдарының бірі – Santander Arena-ға мыңдаған көрермен жиналды. Қазақстандық өнер иесін зор қошеметпен қарсы алды.

Чили жұртшылығы кеш бойы әншінің әрбір өнеріне ду қол шапалақтап, оның есімін ұрандап, әндерін бірге шырқады. Залдағы жұрт орындарынан тұрып ән айтып, би билеп, сахнадағы әр сәтке белсенді үн қосты. Көрермен мен Димаш арасындағы ерекше байланыс концерттің өн бойында сезілді. Димаштың  Европа мен Латын Америкасындағы әлемдік турнесі жалғасуда. Бүгін әнші   Оңтүстік Американың тынық мұхитының жағалауында орналасқан Перу мемлекетінің астанасы Лима қаласына келдік. Димашты жанкүйлерлері әдеттегідей әуежайдан қошеметпен қарсы алды.

Поделиться