Қос алыптың қайраткерлігі насихатталды
Елордадағы Ұлттық музейде қазақ спортының қос алыбы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығы мен Жақсылық Үшкемпіровтің 75 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. Бас қосуда ұлт намысын ұлықтаған қос алыптың өмір жолы, табандылығы, спорттағы жетістіктері насихатталды. Жиынға студенттер де қатысты. Шара аясында Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы мектеп-интернаты мен колледжі музейінің қорынан қос тұлғаның өмірі мен спорттық жолына қатысты фотоматериалдар, құжат көшірмелері мен кітаптар, сондай-ақ студенттердің спорт саласындағы жетістіктерін таныстыратын көрме ұйымдастырылды.
Несіп Жүнісбайұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
Қажымұқан бабамыз сонау XIX ғасырдың аяғында әлемге аты шығып, балуандығы белгілі болса, Жақсылық Үшкемпіров XX ғасырдың аяғында қазақтың олимпиададағы тұңғыш алтынын алып берген күрестен батыр. Олардың спорттағы ғана емес, тарихтағы ізі мәңгілік өшпейтін дей болып қалады деп ойлаймын, бүгінгі кештің жас ұрпаққа пайдасы міне осында жатыр.
Дияр Аманәлі, Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы колледж студенті:
Бүгінгі іс-шарада Қажымұқан Мұңайтпасов және Жақсылық Үшкемпіров атамыздың жүріп өткен жолдары және өздерінің қалай еңбек еткендері, қарапайымдылықтарын айтып жатыр. Мен де солар сияқты олимпиада және әлем чемпионы болғым келеді.
Хадиша Елеусін
Читайте также
Все