Сыбайлас жемқорлықпен күрес күшейтілді
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа заңнамалық деңгейде тыйым салу, бақылау мен жауапкершілік айтарлықтай күшейді. Мәселен, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жаңа заңнамалық өзгерістер қабылданып, лауазымды тұлғаларға қойылатын талаптар қатаңдады. Мүдделер қақтығысын анықтау мен реттеу тәртібі нақтыланып, тәуекелдерді алдын алу тетіктері жетілдірілді. Қазіргі уақытта пара алу, пара беру және қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану ауыр қылмыс саналады. Бұрын 1 жыл өтіп кеткен жағдайда жеке тұлғалар әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапқа тартылмайтын. Енді 3 жылға дейін ұзартылды. Мұның бәрі қоғамға қылмыскер жазадан құтылмайды, деген сенім ұялатып отыр.
Оңғар Қабден, қоғам белсендісі:
Қоғамның заңға, тәртіпке, яғни Мемлекет басшысы айтқан «Заң мен тәртіп» деген ұстанымға қатысты мемлекеттің нақты позициясын көрсетіп берді. Қоғамға сенім отын ұялатты, үміт отын жақты деуге болады. Өйткені қазір болашақта дәл осындай қарқынмен жұмыс істейтін болса, ҰҚК-і біздегі біраз жемқорларды қолынан жетектеп, түрмеге апарып, жемсауы жемге бөккен жемқорларды, сол түрменің түбінде шірітеді, деп халық сенеді.
Читайте также
Все