Главная Новости Түске дейін 40-қа жуық жол-көлік апаты тіркелді

Түске дейін 40-қа жуық жол-көлік апаты тіркелді

Бүгін еліміздің біршама өңірінде ауа райы күрт құбылып, кейбір автожолдарда көлік жылдамдығына шектеу қойылды. Күздің соңғы аптасында күн райы құбылмалы болса, желтоқсан айында ауа температурасы -20 градусқа дейін суытады.  Ал Қарағандыда қатты жел соғып, таңғы уақытта ақ түтек боран болды. 

Жандос Бақытұлы, тілші:

Арқаға қылышын сүйретіп қыс та келді. Кеше түнімен жауған ақ жауынның соңы ақ түтек боранға ұласты. Таңғы уақытта тіпті қарға адым жерге жетудің өзі мұңға айналып, көктайғақ көпті әбігерге салды. Соның кесірінен түске дейін 40-қа жуық жол көлік апаты болды. Зардап шеккендер жоқ. Түс ауа күн  райы тұрақталды. Қазір ауа температурасы -2  градусты көрсетіп тұр. Бірақ жел қатты. Секундына 28 метрге дейін соғып тұр. Сондықтан Қарағанды-Астана тасжолында жылдамдық режимі сағатына 80 шақырымға дейін төмендетілді. Әзірге облыстық, республикалық маңызы бар жолдар жабылады деген ақпарат жоқ. Сонда да жолға шыққанда барынша абай болу керек дейді, сақшылар. Мамандар келесі аптада еліміздің біршама өңірінде ауа температурасы күрт төмендеп, аяз күшейеді дейді. Ал еліміздің шығысында қар қалың түседі деп болжап отыр.

Поделиться