Қазақстанда мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті
«Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай» дегендей, екі айдың ат алмастырар тұсында салмағы бөлек саяси аламанға куә болдық. Бүгін еліміздің қиыр-қиырында мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті.
Республика аумағындағы 10 338 сайлау учаскесі жаңа ғана жұмысын аяқтады. «Саясаттың сары қымызын сапырамыз» деп білек сыбанған үміткердің саны – 10 582. Оның ішінде партиялық тізім бойынша 7 саяси ұйым бас-аяғын түгендегенде 1160 кандидат ұсынған. Ал бір мандатты 3113 округ бойынша 9422 үміткер бақ сынады. Демек, 1 орынға 3 адамнан таласып отыр. Осылайша елдегі 228 мәслихатқа жалпы саны 3447 депутат сайланбақ. Бюллетеньде «бәріне қарсымын» деген таңдау да болды. Орталық сайлау комиссиясының ойынша, депутаттардың есім-сойы бес күннен кешіктірілмей елге таныстырылуы тиіс. Демек, 4 желтоқсанға дейін нәтижесін естіп қалармыз. Қадірлі көрермен, соңғы мәліметтер бойынша, бүгін ел деңгейінде халықтың сайлауда дауыс беру белсенділігі % көрсетіп отыр. Жалпы, Президенттің «Мәслихат – мемлекеттік биліктің өте маңызды тармағы. Сіздерге сенім артқан сайлаушылардың мүддесін қорғау – басты парыздарыңыз» деп айтқаны бар еді. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев та халықпен бірге мәслихаттар депутаттарының сайлауында дауыс берді. Мемлекет басшысы Тәуелсіздік сарайында орналасқан № 520 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
Читайте также
Все