АҚШ-та электронды темекіден 6 адам қайтыс болды
АҚШ үкіметі мен президент Дональд Трамп электрондық темекі қолдануға және оны саудалауға шектеу қою жолдарын қарастырып жатыр. Өйткені, мұндай шылыммен байланысты аурулардан Америкада алты адам қайтыс болды. Жалпы алғанда осы темекіден науқастанған 380-дей адам елдің 36 штаты мен Виргин аралдарында анықталып отыр. Дәрігерлердің айтуынша, олар тынысы тарылып, өкпесі мен кеудесі ауырып, лоқси бергесін ауруханаға барған.
Зерттеулерге қарағанда, Құрама Штаттарда жоғары сынып оқушылары арасында электрондық темекі тартатындар саны былтырдан бері кемінде бес пайызға өсіп, 25 пайыздан асқан. Дегенмен, шектеу қарсыластарының пікірінше, мұндай шылымға тыйым салынса, дәстүрлі сигаретке талай адам қайта оралуы мүмкін.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18
Перзентхана мен әуежайдың ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді
23.09.2026, 20:16