Иранда енді әйелдердің футбол көруіне рұқсат етіледі
Иранда Сара Ходаяри есімді әйел футбол матчына қатысқаны үшін жарты жылға сотталғаннан кейін өзіне-өзі қол жұмсады. Ол сот ғимаратының жанында өртеніп кеткен. Осы оқиғадан кейін елде қыз-келіншектердің стадионға бару құқығына назар аударыла бастады. FIFA басшылығы Тегеранды жергілікті және шетелдік әйелдердің спорт ойындарына билет алып, оларды тамашалауына жол беруге шақырды.
Айта кетсек, Иранда 1979 жылы болған Ислам революциясынан кейін нәзік жандылардың ер адамдар ойын өткізіп жатқан стадиондарға кіруіне тыйым салынды. Дегенмен, кейбір әйелдер футбол матчтарын ерлермен бірге дәмханаларда орнатылған теледидардан тамашалап жүрген. Үкімет олардың стадиондарға баруына бірте-бірте рұқсат берілетінін мәлімдеп отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32
Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған
04.08.2026, 20:23
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Әлеуметтік желідегі әдепсіздікке тосқауыл қойылады
04.08.2026, 20:14
Қазақстанда су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы - конституциялық реформалардың жалғасы
04.08.2026, 20:12