Қостанай облысында мұз астына түсіп кеткен екі бала қайтыс болды
Қостанай облысы Жетіқара қаласында 2 бала мұз астына түсіп кетіп, қайтыс болды. Қайғылы оқиға кеше түс ауа болған.
Әлі дұрыс қатпаған мұздың үстіне ойнауға барған 3 бала абайсызда суға түсіп кеткен. Куәгерлердің айтуынша, сол кезде балаларды бір ер адам құтқармақ болған. Осы аралықта полицейлер келіп, 2 метр тереңдіктен балаларды алып шыққан. Жедел жәрдем қызметін шақырған. Алайда дәрігерлер қатты суық өткен 2 баланы құтқара алмады. 2013 және 2014 жылы туған екі бүлдіршін аудандық ауруханаға жеткізілгеннен кейін қайтыс болды. Ал үшінші жасөспірім ауруханада ем алып жатыр. Жағдайы орташа ауыр.
Сонымен қатар, балаларды құтқаруға күш салған азамат та ауруханада жатыр.
inform.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
13.08.2026, 20:14
Солтүстікке 690 отбасы қоныс аударды
13.08.2026, 20:12
Елімізде туберкулез көрсеткіші 10 жылда 51,7%-ға төмендеді
13.08.2026, 20:09
Нұрай Серікбайды өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды
13.08.2026, 20:07
Ақтөбеде әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан тұрғын қамауға алынды
13.08.2026, 20:07
208 қатысушы ұлттық қолөнердің сырын үйренді
13.08.2026, 20:06
Құзырлы мекемелерде кадрлық ауыс-түйіске мораторий енгізіледі деген ақпарат – жалған
13.08.2026, 20:06
65 жастан асқан көлік жүргізушілерге жаңа талап енгізіледі
13.08.2026, 20:05