Депутаттар маңғыстаулықтармен кездесті
Бір топ Мәжіліс депутаты 10 күн бойы Маңғыстау облысындағы кәсіпорындарды аралап, шалғайдағы ауыл тұрғындарымен кездеспек. Басқосудың бірі Маңғыстау ауданындағы Бекі ауылында өтті. 300-ден астам тұрғыны бар елдімекенде бастауыш мектебі ғана жұмыс істейді. Ал, жоғары сыныптың оқушылары аудан орталығындағы интернатта жатып оқуға мәжбүр. Сондықтан ауыл халқы 9 сыныптық мектеп салып беруді сұрады. Одан бөлек Бекіде ауыз су мәселесі өзекті. Тұрғындарға су таситын көлік жетіспейді. Ал «Ақбұлақ» бағдарламасымен қолға алынған жоба сол күйі аяқсыз қалған.
Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10