Қару-жарақ алып қашып кеткен сарбаздың тағы бір сыбайласы ұсталды
Түркістан облысы Бадам ауылы маңындағы әскери бөлімнен қару-жарақ алып қашып кеткен сарбаздың тағы бір сыбайласы ұсталды. Жедел тергеу тобы күдіктінің Абылай Балғынбайдан екі тапаншаны сатып алғанын анықтады. Қолға түскен азамат уақытша қамау абақтысына жабылды. Тергеу жүріп жатыр. Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылдың 20 ақпан күні таңғы сағат 4 шамасында 102/16 әскери бөлімінен аға сержант Абылай Балғынбай есімді жауынгер қару-жарақ алып, қашып кеткен болатын. Ол өзімен бірге 30 дана Калашников автоматын, 27 тапанша мен 1 травматикалық қару ұрлап шыққан. Сондай-ақ 25 жастағы жауынгер автоматтың 420, тапаншаның 24 оғын қоса әкеткен.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03