Басты Жаңалықтар Ертеңнен бастап кей аймақта күн суытады

Ертеңнен бастап кей аймақта күн суытады

Ертеңнен бастап еліміздің кей өңірлерінде күн суытады. Казгидрометтің болжамына сүйенсек алдағы үш күн жаңбыр жауады, тұман түседі, кей өңірлерде соңы қарға ұласады. Жауын-шашын еліміздің батысында басталып, кейін өзге өңірлерге қарай ығысады. Ал солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда қар аралас жауын-шашын жауып, қатты жел соғып, көктайғақ болуы мүмкін. Мамандар ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жол ережелеріне аса мұқият болуды ескертіп отыр.

Бөлісу