Дәрі-дәрмекті заңсыз саудалап жүрген 21 адам ұсталды
Заңсыз дәрі-дәрмек саудасымен айналысқан екі қылмыстық топтың жолы кесілді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазан айында операция еліміздің бірнеше өңірінде қатар жүргізілген. Алдымен Көкшетау, Щучинск қалалары мен Бурабай курорттық аймағында психотороптық препараттар жеткізу және сату ісіне қатысы бар 11 адам ұсталды. Олардың арасында фармацевтикалық компаниялардың иелері мен қызметкерлері, сондай-ақ курьерлер болған. Тінту кезінде «Тропикамед» препаратының 50 мыңнан астам құтысы және осыған ұқсас тағы 4 мыңға жуық дәрілік зат табылды. Сонымен қатар атыс қаруы, бірнеше автокөлік пен ірі көлемдегі ақша тәркіленді. Ал Қарағанды мен Теміртауда дәл осындай күдікпен тағы 10 адам ұсталды. Олардан да травматикалық және суық қару табылған. Осылайша, екі операция барысында барлығы 21 адам ұсталды. Қазір аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қуандық Алпыс, ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:
Қабылданған шаралардың нәтижесінде күшті әсер ететін дәрілерді таратумен айналысқан бірнеше арна тоқтатылып, қауіпті препараттардың қомақты бөлігі тәркіленді. Осылайша, олардың халық арасында одан әрі таралуына жол берілмеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы