Таразда заңсыз тауар шығаратын цех әшкере болды
Қаржы полициясы қызметкерлері цех орналасқан үйді тінту кезінде 5 мың данадан астам сатуға дайындалып қойған дискіні тәркіледі. Олар түрлі түсті принтердің көмегімен дайындалған целлофан қаптамаға салынған күйі жинаулы тұрған.
Сондай-ақ, бұл жерден 50-ге тарта кино бейнеөнімдерін көшіріп басатын арнайы құрылғы табылып отыр.
Тексеріс барысында дискілердің қорабында арнайы штрих коды, қорғаныс голлограммалары мен тауарлық белгілері жоқ болып шықты.
Мамандар ұйымдасқан топтың іс әрекетіне қарап, контрафактілік тауар тек Жамбыл облысына ғана емес, көршілес Оңтүстік Қазақстан және Алматы өңірлеріне де жөнелтіліп, сонда саудаланған, деген болжам жасап отыр.
Мақсат Байдалиев, облыстық Қаржы полициясы департаментінің бөлім басшысы:
Қазіргі таңда бұл азаматтар авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу бабы бойынша күдікті болып отыр. Бұл баптың ең ауыр санкциясы мүлкі тәркіленіп немесе 2 жылдан 5 жылға бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27