Кәсіподақ федерациясы саяси науқанға бақылаушы ретінде қатысуға ниетті
Кәсіподақтар федерациясы қаңтарда өтетін сайлау науқанына бақылаушы ретінде қатысуға ниетті. Бұл туралы баспасөз брифингінде айтылды. Одақ мүшелері науқанның саяси маңызды қадам екенін атап өтті. Мемлекетіміздің алдағы 5 жылдағы дамуы осы үміткерлердің қолында. Кәсіподақ өкілдері сайлау заңнамасындағы нормалардың дұрыс орындалуын қадағалайды. Саяси науқанның ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етуге шамамен 3000-ға жуық бақылаушы өз үлесін қосады. Әр сайлау учаскесінде кемінде екі адам қызмет етпек. Қазір оларды алдын ала даярлау, оқыту жұмыстары қолға алынды.
Мұхтар Тінікеев, Қазақстан кәсіподақтар федерациясы президентінің бірінші орынбасары:-Еңбеккерлердің құқығын қорғап, проблемаларын реттеу үшін біз оларды да биліктің барлық салаларында көргіміз келеді. Жуырда праймериздің өзіне еңбек адамдары арасынан 2000-ға жуық кандидат қатысып, олардың біразы келесі кезеңдерге өтті. Биыл Мәжіліспен қоса мәслихат сайлауыда партиялық тізім бойынша өтеді. Осы ауқымды шараның барынша әділ әрі ашық өтуі үшін ат салысып, ең ірі қоғамдық ұйым ретінде өз үлесімізді қоспақпыз.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке барған 15 спортшымыз уланып қалған
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17