Ташкентке жарысқа барған 15 футболшы астан уланды
Өзбекстан астанасы Ташкентте қарағандылық 15 жасөспірім астан уланды. Футболдан Халықаралық сайысқа барған бірнеше команданың ойыншылары қонақ үйдегі таңғы астан кейін қызуы көтеріліп, өздерін жайсыз сезінген. Ата-аналардың айтуынша, балалардың барлығы ауруханаға жатқызылды, қазір 1 ойыншы жан сақтау бөлімінде, дейді. Онымен қоса Ташкент қаласындағы ақ халаттылар балалардың астан уланғанын растаған. Қазір қосымша тексеріс жүргізіп, нақты себебін анықтап жатыр.
Ольга Лазина, Қарағанды тұрғыны:
Кешкі уақытта балалардың қызуы көтеріле бастады. Кейін ауруханаға жедел жеткізді. Қазақстанның Өзбекстандағы елшілік өкілдері келіп, жағдайды бақылауға алды. Жолдасым мен балам әлі де сонда. Қазір жағдайы тұрақталған, балаларды аман-есен елге жеткізсе дейміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы