Қазақстан Қытайға нота жолдады
Еліміз шекарада ушыққан жағдайға байланысты Қытайға нота жолдады. Онда дипломаттарымыз көрші елдің билігінен бекеттегі жүк көліктерінің кептелісіне қатысты мәселені шешуді сұраған. Өйткені кәсіпкерлер тауарын шекарадан өткізе алмай ұзын-сонар кезекте тұрғанына бірнеше айдың жүзі болды. Коронавирусқа байланысты Қытай шектеуді тағы күшейтіп, тәулігіне небәрі 20 жүк көлігі мен 500 вагонның кіруіне рұқсат берген еді. Салдарынан шекарада жүздеген көлік пен 12 мыңнан астам вагон кезегін күтіп тұр. Бұған дейін Кәсіпкерлер палатасы да бұл сауда-саттыққа кері әсер етіп, тіпті экспорттаушыларымыз нарықтан қағылуы мүмкін екенін айтқан.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбелік жастар өзен-көлдердің жағасын тазалады
11.08.2026, 17:10
Абай күнінде Жетісу облысында жүзден аса мәдени шара өтті
11.08.2026, 17:08
Бельгияда Абайдың мүсіні қойылады
11.08.2026, 17:05
Бір колледжде оқыған 10 жігіт әскерге бірге барды
11.08.2026, 17:02
Ел жаңалықтарына шолу
11.08.2026, 17:01
Форт-Шевченко қаласында ауыз су мәселесі шешілді
11.08.2026, 16:58
Орталық Азиядағы ең ірі жел электр станциясы салынып жатыр
11.08.2026, 16:57
Қазақстандағы реформалар - саяси трансформацияның жаңа кезеңі
11.08.2026, 16:55