Басты Жаңалықтар Бір колледжде оқыған 10 жігіт әскерге бірге барды

Бір колледжде оқыған 10 жігіт әскерге бірге барды

Студенттік өмірді бірге өткізген 10 жігіт әскерге де бірге барды. Мамандығы бір шымкенттік жігіттер енді жауынгерлік рухын шыңдау үшін Тараздағы Ұлттық ұлан сапына алынды.   55/13 әскери бөліміне шақыртылған жастар бір батальонда, бір ротада Отан алдындағы борышын өтеп жүр.   

Бір колледжде, бір мамандықта оқыған 10 жігіт әскерге бірге баруын берік достықтың белгісі дейді. Жігіттер алғаш рет Шымкенттегі «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына түскенде танысқан. Ал оқуды түгесер тұста Отан алдындағы борышын да бірге өтеуге бел буады. Көктемгі шақырылымда көш соңынла қалмас үшін мемлекеттік емтиханды да мерзімінен бұрын тапсырған.

Санжар Амантай, қатардағы жауынгер:

Колледж директорына өтініш хат жаздық. Яғни бізде емтихан болды. Мемлекеттік емтиханды мерзімінен бұрын тапсырып, 11 маусым күні Шымкент қаласындағы военкоматқа барып, сол жерден 13 маусым күні Тараз қаласына 5513 әскери бөліміне келдік. Әке шешеміздің барлығы риза.

Жас сарбаздар әскери өмірдің әліппесін тез меңгеріп келеді. Өйткені бір-біріне деген қолдауы ортақ мақсатқа жұмылуына жігер береді.

Ділдәбек Үсенов, қатардағы жауынгер:

Қоғам арасында достықтың әрқашан болатынын, әрқашан биік тұратынын көрсеткіміз келді. Отан алдындағы борышын өтеу әрбір Қазақстан азаматының борышы. Өйткені менің ата-анам үйде, менің қарындастарым үйде жатыр. Біз олардың тыныш ұйықтауын, олардың тыныш жүруін, емін еркін қыдыруын біз бәріміз өзіміз күзетеміз. Тым болмаса Отан алдындағы борышын өтеуге деген бір ниеттерін ашуға түрткі болатынымызға сенеміз.

Мұнда жауынгерлердің жоғары білім алуына да жағдай жасалған. Өйткені әскери борышын өтеп жатқан жастарға елдегі  70-тен астам жоғары оқу орнының гранты беріледі.

Ерболат Керімбеков, 5513 әскери бөлімінің рота командирі:

Өткен жылда менің ротамнан 7 әскери қызметші гранттарға түсті. Оның 3-і әуе қорғаныс күштеріне. Екеуі ұлттық ұлан басқолбасшылығын, сонымен қатар Шымкент қаласындағы гуманитарлық университеттерге түсті. Қазіргі уақытта әскерлерге көптеген жағдайлар жасалуда. Соның бірі «Сарбар» программасы арқылы білімге деген құлшынысын арттыру. Оқуға ҰБТ тапсырмай-ақ түсуде.

Бұдан бөлек сарбаздар алты айдан кейін келісімшарт негізінде жұмысқа қабылданады. Жыл басталғалы мұндай мүмкіндікті мүлт жібермеген 30-дан астам сарбаз әскери қызметші атанды.


Бөлісу