Семейде түрмеден енді шыққан әйел темір торға қайта тоғытылды
Ол сотталғандардың біріне шартты түрде мерзімінен босауға көмектесемін деп уәде берген. Сол үшін «Сот пен прокурорға керек» деген желеумен одан 6 мың АҚШ долларын талап еткен. Өз сөзінің сенімді шығуы үшін сотталушы әйел азаматтық некедегі жолдасынан темір торда отырған адаммен прокурордың атынан сөйлесуін сұраған.
Мұның барлығын арандату деп санаған сотталушы өз кінәсін жартылай ғана мойындап отыр. Алайда, куәлардың жауаптары мен әңгімелесу стенограммалары оның кінәсін толық дәлелдеді.
Қылмыстың қайталануын ескерген сот әйелді 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Дарын САҒИТОВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша рейд өтті
14.08.2026, 13:20
Саясаттанушы: Партиялардың халықпен байланысы маңызды
14.08.2026, 13:17
Күн ысып, +44°C-қа жетеді
14.08.2026, 13:15
Жапониядағы тасқыннан төрт адам қаза тапты
14.08.2026, 13:13
Астанада қайтарылған активтер есебінен жаңа мектеп салынып жатыр
14.08.2026, 13:10
«Әлімбет» өткізу бекетінің әлеуеті екі есеге артады
14.08.2026, 13:07
Елдегі шетел азаматтарына талап күшейді
14.08.2026, 13:05
Студенттерден қомақты ақша үптеген ақтаулық сотталды
14.08.2026, 13:03