Қазақстан Pfizer компаниясымен келісімшартқа отырды
Қазақстан америкалық Pfizer фармацевтикалық компаниясымен жария құқығынсыз келісімге қол қойды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлім етті.
«Біз бүгін Pfizer компаниясымен жарияламау туралы келісімге қол қойдық және арнайы рұқсат құжаттарын беру арқылы Қазақстан аумағына осы вакциналарды жеткізумен айналысуға дайынбыз. Барлығы осы компанияның өндірістік қуаты мен осы препаратты республика аумағына жеткізу қабілетіне байланысты болады», - деді Шоранов.
«Вакцинаны сатып алуға кедергі келтіретін нюанстар бар ма?» деген сұраққа да вице-министр жауап берді.
« -70 градус – Қазақстанның барлық аумағында кең ауқымда қолдануға айтарлықтай кедергі. Бүгінде біз барлық логистикалық тізбекті пысықтап жатырмыз, іс жүзінде әрбір өңірде қазірдің өзінде арнайы хаб бар. Яғни, бұл бірыңғай дистрибьютор, оның Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе және Шымкент қалаларында 4 негізгі хабы бар, олар тиісті тоңазытқыш жабдығымен жабдықталған және вакциналарды сақтауға және -20 градусқа дейін температуралық режимді сақтауға мүмкіндік береді», - деді вице-министр.
Сонымен қатар, брифинг барысында Рfizer компаниясымен келесі келіссөз 30 желтоқсанда өтетіні айтылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ж. Сүлейменов: Деструктивті ағымдар жаңа әдістерді қолдануға көшті
30.07.2026, 20:47
Колледждерде сұранысқа сай мамандар даярлау күшейтіледі
30.07.2026, 20:09
АҚШ Иранға қайта соққы берді
30.07.2026, 20:09
«Болашақ ойындары»: Фиджитал-баскетбол жарысы өтіп жатыр
30.07.2026, 20:08
Аида Балаева халықаралық музыкалық байқаулардың жүлдегерлерін құттықтады
30.07.2026, 20:05
Енді салалық дәрігерге қаралу үшін терапевт жолдамасы қажет емес
30.07.2026, 20:05
Жыл басынан бері 4500 самокат жүргізушісіне айыппұл салынды
30.07.2026, 20:04
БҚО-да Құрылтай сайлауы кезінде мүгедектігі бар жандарға 55 инватакси қызмет етеді
30.07.2026, 20:03