Елордада 13 автокөлік жанып кетті
Елордадағы көлік жуу орталықтарының бірінен өрт шықты. Салдарынан 13 автокөлік жанып кетті. Абырой болғанда нысандағы жұмысшылар мен көлік иелері дін аман. Өртті сөндіруге 9 техника мен жеке құрамның 15 қызметкері жұмылдырылды. 2 қабатты ғимаратты шарпыған қызыл жалын 11 сағатта әзер сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Сондай ақ Нұр-Сұлтандағы Медеу көшесінде орналасқан жатақханадан өрт шықты. 80 шаршы метрді құрайтын жеке үйдегі 20 бөлмені тұрғындар жалдап тұрады екен. Құтқарушылар келгенше тұрғындар өз бетімен қашып шыққан. Олар қазір туған-туыстарының үйін паналады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке жарысқа барған 15 футболшы астан уланды
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18