Профессор Гүлнар Кендірбайдың ғылыми еңбегі жарыққа шықты
Бүгін Колумбия университетінің профессоры Гүлнар Кендірбайдың ғылыми кітабының халықаралық тұсаукесері өтті. Ұлы дала тарихына арналған кітап «16 ғасырдан 19 ғасырға дейінгі Еуразияда үстемдік жүргізудің ресейлік тәжірибесі: шекара билігінің динамикасы» деп аталады.
Туынды Ұлыбританияның әйгілі «Routledge» баспасынан ағылшын тілінде 75 мың данамен жарық көрді. Бұл кітапты жазу үшін, профессор Гүлнар Кендірбай 1033 ғылыми дерек көзін терең зерттеген. Ғылыми еңбектің онлаин тұсаукесеріне шетелдегі қазақ мәдени орталықтарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» мен «Отандастар қорының» белсенділері, мемлекет және қоғам қайраткерлері атсалысып, пікір білдірді.
Әділ Ахметов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:Бұл дер кезінде, дер уақытында шыққан монография. Кейінгі кездері біздің Солтүстіктегі көрші мемлекеттің саяси сайқымазақтары бұл біздің Қазақстанға сыйға тартқан жеріміз деген миға қонбайтын сөз айтып жүр. Сол саяси сайқымазақтардың көмейіне құм құятын кітап – осы кітап.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Түркияда интернет арқылы қылмыс істеген мыңнан аса адам ұсталды
16.09.2026, 20:10
Вице-президент: Ішкі саясатта үш басымдыққа мән беріледі
16.09.2026, 20:09
«Отбасы банкке» аударылған зейнетақы жинағын сақтау мерзімі өзгерді
16.09.2026, 20:07