Елордада «Ғашық-жүрек» қойылымының тұсакесері болды
Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай Елорданың Музыкалық жас көрермен театры өзгеше дүниені көрермен назарына ұсынды. Бүгін «Ғашық-жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымының тұсакесері өтіп жатыр.
Ақниет Балтанова, тілші:- «Ғашық-жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымы басталғалы 40 минуттай уақыт өтті. Қоюшы-режиссері – Аман Ғұмаров. Қойылымда Мұқағали Мақатаевтың бейнесін театр актері Қазбек Есқара, ал ақиық ақынның досы Шәмілдің бейнесін Ерназар Жаңатілек және Асқар Жұмабеков сомдауда. Спектакльге барлығы 50 актер, яғни театрдың барлық әртістері қатысады. Санитарлық талаптар сақталған, залдың 30%-ы ғана толды, шамамен 50 шақты көрермен отыр. Олардың ішінде елге белгілі қаламгерлер, театр майталмандары бар.Айта кетейік, «Ғашық-жүрек» спектаклі әлі 2 күн жалғасады. Келіп, тамашалаймын деушілерге мүмкіндік бар. Одан бөлек, ақпан айында «Музыкалық жас көрермен театры» «Ұлдар», «Абай-Тоғжан», «Дүние-Ғапыл» сынды қойылымдарын ұсынады.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке барған 15 спортшымыз уланып қалған
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17