Елордада вакцина салдырғандар арасында шағымданғандар жоқ
Елордада мыңға жуық медицина қызметкері вакцина қабылдап үлгерді. Екпе егу қаладағы 5 емханада жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта тағы 36 медициналық ұйымда санитарлық нормаларға сай ем-шара бөлмелері ашылады. Ал вакцина салдырған медицина мамандары жағдайымыз жақсы, шағымымыз жоқ дейді.
Эльмира Сапарғалиева, №1 қалалық емхананың эпидемиолог дәрігері:Мен 1 ақпан күні ең бірінші болып екпе салдырғандардың бірімін. Алғашында екпенің орны ауырды. Ертеңінде бірден жақсарды. Одан бері 2 аптадай уақыт өтті ғой. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Сондықтан эпидемиолог маман ретінде вакцинаның еш зияны жоқ екенін айтқым келеді. Керісінше өзімізді, жақындарымызды қорғау үшін қажет.
Алмат Жұмаханов, №1 қалалық емханасы мобильді бригадасының фельдшері:Мен өз еркіммен вакцинаның салдыруға келістім. Алғашқы 2 күн температура мен әлсіздік болды менде. Ал 3-ші күні бәрі жақсарды. Қазір де бәрі жақсы. Сондықтан вакцина салдыруға кеңес беремін.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке барған 15 спортшымыз уланып қалған
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17