Қазақстандықтар қашан маскасыз жүреді - министрлік жауап берді
Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Қазақстанда қашаннан бастап медициналық маскасыз жүруге болатынын айтты.
«Қазір елімізде ресейлік «Спутник V» вакциянасын егу жүріп жатыр. Алдағы уақытта қазақстандық вакцина болады. Отандық вакцина клиникалық зерттеулерден өтіп жатыр», - деді вице-министр тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Сонымен қатар Ажар Ғиният қазіргі уақытта Pfizer вакцинасын Қазақстанға алып келу туралы нақты келіссөздер жүргізілмегенін жеткізді. Вице-министр вакцина қойылған жағдайда маскасыз жүру мүмкіндігі туралы қойылған сұраққа жауап берді.
«Халықтың ортасында ұжымдық иммунитет қалыптаспай, халықтың 60 пайыздан астамы вакциналаудан өтпей, масканы шешуге болмайды. Ұжымдық иммунитет қалыптасқаннан кейін ғана маскасыз жүруге болады», - деді Ажар Ғиният.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ж. Сүлейменов: Деструктивті ағымдар жаңа әдістерді қолдануға көшті
30.07.2026, 20:47
Колледждерде сұранысқа сай мамандар даярлау күшейтіледі
30.07.2026, 20:09
АҚШ Иранға қайта соққы берді
30.07.2026, 20:09
«Болашақ ойындары»: Фиджитал-баскетбол жарысы өтіп жатыр
30.07.2026, 20:08
Аида Балаева халықаралық музыкалық байқаулардың жүлдегерлерін құттықтады
30.07.2026, 20:05
Енді салалық дәрігерге қаралу үшін терапевт жолдамасы қажет емес
30.07.2026, 20:05
Жыл басынан бері 4500 самокат жүргізушісіне айыппұл салынды
30.07.2026, 20:04
БҚО-да Құрылтай сайлауы кезінде мүгедектігі бар жандарға 55 инватакси қызмет етеді
30.07.2026, 20:03