Дәрігерлердің мәртебесін көтеретін жоба әзірленді
Дәрігерлердің мәртебесін арттырып, олардың құқығы мен мүддесін қорғайтын жоба әзірленді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Министр күні кеше Талғар аудандық орталық ауруханасында соққыға жығылған хирургтың жағдайын айтты. Сондай-ақ, даулы мәселелерді өркениетті қоғамда күш қолдану арқылы шешуге жол берілмейтінін де атап өтті.
«Медицина қызметкерін ұру - бұл ерекше назар аударатын жағдай. Бұл оқиға бізді алаңдатып отыр. Зардап шеккен дәрігер қазір медициналық көмек алуда. Дәрігерлер күн сайын адамдарға көмек көрсетуге дайын. Бірақ осындай әрекеттер олардың еңбегін бағаламайтынымызды көрсетеді. Біз бұған түбегейлі қарсымыз»,- дейді министр.
Еске салайық, Талғар ауруханасының қабылдау бөлімінде науқастың туыстары хирургты соққыға жыққан еді. Оқиғадан кейін кезекші маман ауруханаға жатқызылды. Дәрігердің миы шайқалған. Қазір оның жағдайы жақсы. Ауруханада ем қабылдап жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі өтті
23.12.2025, 20:05
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті
23.12.2025, 20:04
Өңірлердегі шағын бизнесті қолдауға ₸400 млрд бөлінеді
23.12.2025, 20:04
Президент «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің басқарма төрағасын қабылдады
23.12.2025, 20:02
Президент 3 ведомствоның өкілдеріне пәтер кілтін табыстады
23.12.2025, 20:00
Джеки Чан Олимпиада алауы эстафетасына қатысты
23.12.2025, 17:18
«Көкшетау» ұлттық паркінде жабайы жануарлар саны бір жылда 20 пайызға көбейген
23.12.2025, 17:17
Атырауда жастарға экологиялық жобалар таныстырылды
23.12.2025, 17:14