Ақтөбе облысында малдан қарасан ауруы анықталды
Ақтөбе облысы Байғанин ауданында малдан қарасан ауруы шықты. Серіктестіктің мал дәрігері алдымен аудандық ветеринария станциясына хабар берген. Төрт өлекседен сынама алынып, зертханаға жіберілді. Тексеруден соң облыстық зертхана қарасан ауруы деген диагноз қойды. Қазір қыстақ карантинде. Шаруашылықта 120 мүйізді ірі қара мен 90 жылқы бар.
Гүлсара Жақыпова, облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы:Осы факт бойынша біздің мамандар қыстаққа барды. Сараптама үшін материалдар алынды. Нәтижесінде малдың қауіпті ауруға ұшырағаны белгілі болды. Қазір ол жерден малды сыртқа шығаруға тыйым салынды. Басқа малдарға вакцина егілді.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10