Алматыда коронавирустың ауыр түріне шалдыққан бір адамды емдеу үшін 930 мың теңге бөлінеді
Алматыда коронавирустың ауыр түріне шалдыққан бір адамды емдеу үшін шамамен 930 мың теңге бөлінеді. Ал орташа жағдайдағы науқастар үшін 450 мың теңге қаржы жұмсалады. Бұл туралы қаланың бас дәрігері хабарлады. Оның сөзінше, Денсаулық сақтау министрлігі бөлген қаражат науқастарға толық жеткілікті. Ол дәрігерлер мен медбикелердің жалақысын төлеуге және дәрі-дәрмектер мен қажетті жабдықтар алуға жұмсалады. Айта кетейік, қазір шаһарда 1200-ден астам адам стационарлық ем алып жатыр. 13 науқастың жағдайы өте ауыр. Осылай деген қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы 13 наурыз күні ұшақ апатынан зардап шеккен ҰҚК қызметкерлерінің жағдайына да тоқталды.
Нариман Табынбаев, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Науқастардың өміріне төнген қауіп сейілді. Екеуінің де денесінде күйік бар. Жарақаттары ауыр. Белгілі бір кезеңдерден өтуі керек. Сондықтан, асқыну болуы мүмкін. Өз тарапымыздан қаладағы ең білікті реаниматолог, травматолог, хирургтерді жұмылдырдық. Жағдайлары жақсаратынына сенеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ж. Сүлейменов: Деструктивті ағымдар жаңа әдістерді қолдануға көшті
30.07.2026, 20:47
Колледждерде сұранысқа сай мамандар даярлау күшейтіледі
30.07.2026, 20:09
АҚШ Иранға қайта соққы берді
30.07.2026, 20:09
«Болашақ ойындары»: Фиджитал-баскетбол жарысы өтіп жатыр
30.07.2026, 20:08
Аида Балаева халықаралық музыкалық байқаулардың жүлдегерлерін құттықтады
30.07.2026, 20:05
Енді салалық дәрігерге қаралу үшін терапевт жолдамасы қажет емес
30.07.2026, 20:05
Жыл басынан бері 4500 самокат жүргізушісіне айыппұл салынды
30.07.2026, 20:04
БҚО-да Құрылтай сайлауы кезінде мүгедектігі бар жандарға 55 инватакси қызмет етеді
30.07.2026, 20:03