Токио Олимпиадасы биыл да өтпей қалуы мүмкін
Токио Олимпиадасы биыл да өтпей қалуы мүмкін. Өйткені, Жапония пандемияны еңсеруде сәтсіздікке ұшырап отыр. Ал, денсаулық сақтау сарапшылары осыдан бірер сағат бұрын баяндама жариялап, үкіметті Жазғы Ойындарды ұйымдастыру мәселесін қайта қарауға шақырды.
Соңғы мәліметке қарағанда, пандемияға байланысты төтенше жағдай жарияланатын аймақтар саны бүгін 10-ға жетеді. Жергілікті мамандар Жапонияның ковид эпидемиясының төртінші толқынына аяқ басқанын айтып отыр.
Бейсенбі күні биліктегі партия өкілдері де пандемия әрі қарай өршитін болса, Олимпиаданы доғаруды таңдауы мүмкін екендерін мәлімдеді. Айта кетсек, өткен тәулікте Осакада 1200-ден, Токиода 720-дан астам адамнан коронавирус табылды.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12