Ресей Украина шекарасы маңынан әскерін әкетеді
Ресей Украинаның шығыс шекарасы маңынан әскерін әкететінін жариялады. Олар мамырдың 1-не дейін бөлімшелеріне оралуға тиіс. Осы шешім үшін президент Владимир Зеленский Мәскеуге емес, халықаралық серіктестеріне алғыс білдірді.
Киев пен Мәскеу арасындағы тайталас бірнеше аптаға созылды. Сәуірдің 20-да Украина сыртқы істер министрлігі мәлімдегендей, Ресей бұл мемлекеттің шығыс шекарасы маңына және Қырымға 140 мыңдай жауынгері мен техникасын шоғырландырған. Бұл жағдай Батысты да алаңдатып, АҚШ пен Еуропа одағы Кремльден қарулы күштерді аймақтан әкетуді талап етті. Алайда, Кремль Ресей армиясының ел аумағында бір жерден екінші жерге көшуі ешкімді алаңдатпауы тиіс деп, басқаларға қауіп төндіріп тұрмағанын ескерткен еді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12