Полиция қызметінің бөлім басшысы қоластындағыларды айыппұл өндіруге мәжбүрлеген
Семейде полиция қызметінің бөлім басшысы қоластындағыларды айыппұл «өндіруге» мәжбүрлеген. Әлеуметтік желілерде Орталық, Затон және Әуезов полиция бөлімдерінің жетекшілеріне «рейдттерді күшейтіп, карантин талаптарын бұзғандарды дереу табыңдар!»- деген аудиожазба таратқан. Лауазымды тұлға бұл жұмысты нақты белгіленген уақыт ішінде жедел түрде орындауды бұйырыпты. Аудиожазба таратылғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті қызметтік тергеу жүргізген. Дыбыстық хабарламаны қоластындағыларға жіберген жергілікті полиция қызметінің бөлім бастығы екендігі расталып, ол қызметінен қуылған.
Айгерім Нурғазина, ШҚО ПД баспасөз хатшысы:
Әлеуметтік желіде таратылған аудиожазбаға қатысты ШҚО полиция департаменті қызметтік тексеру жүргізді. Нәтижесінде дауыстық хабарламаның авторы - Семей қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы екені анықталды. Лауазымды тұлға қызметтік - әскери тәртіпті бұзғаны үшін атқарып отырған лауазымынан босатылды.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке барған 15 спортшымыз уланып қалған
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17