Түркістан облысы екпе салдырту бойынша елімізде көш бастап тұр
Түркістан облысы екпе салдырту бойынша елімізде көш бастап тұр. Бүгінгі күнге дейін өңірде 140 мыңнан аса адам вакцина қабылдаған. Облыстың бас дәрігерінің айтуынша өткен тәулікте 22 адамнан індет анықталып, оның 11-і ауруханаға жатқызылған. Жыл басынан бері ковидтен 8 адам қайтыс болса, қазір инфекциялық бөлімшелерде 569 науқас ем қабылдауда. Басым бөлігі пневмонияға шалдыққандар.
Марат Пашимов, Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы:
Бізде негізі 970 мың адамға вакцина салуымыз керек, қазір 140 мың адамға салдық. Екінші компонент бойынша 33 867 адам, республикада бірінші орында тұрмыз. Адамдар өздері барып, өздері сұрап жатыр бізге салыңыздаршы деп. Басқа облыстарға қарағанда жақсы, бірінші орында десек те болады.
Маңғыстауда эпидемиялогиялық ахуал тұрақсыз. Соңғы 1 аптада күніне 10 адамға дейін ауырса, бүгін 42 адамнан індет анықталды. Дегенмен облыс сары аймақтан жасылға өтті. Бірақ, жасыл аймаққа арналған қаулы шығаруға әлі ерте дейді, облыстың бас санитарлық дәрігері.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01