Басты Жаңалықтар Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр

Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр

Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына жасанды интеллектіні қолдануға бағытталған жаңа пәндер енгізіліп жатыр. Бұл бастама Президент Жолдауында айқындалған білім мен ғылымды заманауи технологиялар негізінде дамыту міндетімен сабақтас. Мемлекет басшысы озық технологияларды меңгерген білімді жастар ел экономикасының өркендеуіне елеулі үлес қоса алатынын атап өткен еді. Дегенмен жасанды интеллектінің білім беру үдерісіне кеңінен енуі жаңа мүмкіндіктермен қатар, бірқатар өзекті мәселені де алға шығарып отыр. Мәселен, студенттердің өз бетінше  ойлау, сауатты жазу және өз ойын еркін жеткізу қабілеттерін сақтау маңызды. Себебі дайын мәтіндер мен тапсырмаларды жасанды интеллектінің көмегімен орындауға дағдылану білім алушылардың ізденуіне, талдау жасауына және өзіндік пікір қалыптастыруына кері әсер етуі ықтимал. «Сондықтан жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу студенттердің дербес ойлау қабілетін шектемей, олардың зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталуы тиіс», - дейді ғалымдар.

Орынтай Ошанова, Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ журналистика факультетінің кафедра меңгерушісі, доцент:

Біздің университеттерде оқу жоспарларына, яғни, білім беру бағдарламаларына студенттердің жазу қабілетін дамыту, сөйлеу қабілетін дамыту мәселелеріне арнайы пәндер кіргізіп жатырмыз. Сонымен қатар жасанды интеллектіні қалай студенттер өз тапсырмаларында қолданады, соған да арнайы бағдарламалар жасап жатырмыз.

Бөлісу