Басты Жаңалықтар Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске

Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске

Түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастық тек саяси мәлімдемелермен, баяндамалармен шектелмей, нақты жобаларға айналуы тиіс. Түркия астанасы Анкара қаласында өткен «Түркі әлемінің диалогы» форумына қатысушылар осылай деді. Түркия Президенті Әкімшілігінің Коммуникация басқармасы ұйымдастырған халықаралық жиынға түркі елдерінен 100-ден астам спикер қатысты. Форумда түркі әлеміндегі ақпараттық ықпалдастық, дипломатиядағы әйелдердің рөлі, энергетикалық қауіпсіздік пен жасанды интеллектіні медиа саласында қолдану тақырыбы да сөз болды. Сарапшылардың пікірінше, Анкарадағы диалог алаңында айтылған ұсыныстар іс жүзінде жүзеге асырылуы үшін саяси келісіммен қатар, тұрақты экономикалық байланыс және халықты жақындастыратын ортақ ақпараттық кеңістік қажет.

Бибігүл Жексенбай, «Qazaqstan» РТРК АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

Қазақстанда медиа саласындағы оң өзгерістерді, жалпы медиа өкілдерінің, медиа саласының жасанды интеллектіні қауіпсіз пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды. Ал бастысы -  еліміздегі дәстүрлі медиа арасындағы байланысты барынша тереңдету. Түркі әлемін айтқан кезде жай ғана баяндама жасап, үлкен талқылаулар ғана емес, нақты халықтарды жақындататын контент жасауымыз керек. 

Бөлісу