Польшада көшеде маскасыз жүруге рұқсат берілді
Польшада мейрамханалар мен дәмханалар, барлар қайта ашылып, далада маскасыз жүруге қайта рұқсат берілді. Сондықтан, мұндай мекемелерге сенбіден бері адамдар көптеп барып жатыр. Олар карантинге байланысты былтыр қаза айынан бері жұмыс істемеген еді.
Жұма күні Польшада 3300-ге жуық адамнан коронавирус табылды. Дегенмен, ересек тұрғындардың 36 пайызға жуығы вакциналанғаннан кейін елде карантиндік шектеулер бірте-бірте жеңілдетіліп жатыр.
Ал, Үндістанда өткен тәулікте тағы 4 мыңдай адам ковидтан қайтыс болды. Сол себепті бірқатар штаттар локдаун мерзімін ұзартатынны мәлімдеп отыр.
Бұл мемлекет пандемиядан 270 мыңдай адам жоғалтып, жұқтырғандар саны 24 миллионнан асып отыр. Солардың 311 мыңнан астамы жексенбіде тіркелген.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12
Астанаға 6 айда 830 мың турист келген
22.09.2026, 20:11
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 20:09
Қолма-қол ақшасыз төлем: Қазақстан АҚШ-ты қуып жетті
22.09.2026, 20:07
Маркетплейстерге талап күшейеді
22.09.2026, 20:06
Жолдың әр шақырымына камера орнатылады
22.09.2026, 20:04