Геологиялық барлау жұмыстары жанданбақ
Қостанай, Қызылорда және Түркістан облыстары еліміздің болашақ мұнайлы алқабына айналуы мүмкін. Геологтар осындай тосын тоқтамға келді. Айтуларынша қазір миниралды ресурстардың ұлттық деректер банкі жасалып жатыр. Онда барлаудың алғашқы кезеңінде анықталған қойнауы бай жерлер жайлы ақпараттар жазылып, отандық және шетелдік инвесторлар үшін ашық жарияланады. Мәліметтерге сай, 40-50 жылдан кейін Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындары түгесіледі. Сол үшін барлаудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленген. Оған 1 триллион теңге бөлінбек. Әсіресе бұрын көп зерттелмеген Қостанай, Қызылорда және Түркістан облыстары ерекше назарға алынбақ.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлеуметтанулық зерттеу – қазақстандықтар Президентке жоғары деңгейде сенім білдіреді
10.08.2026, 14:05
Әлемнің мықты дзюдошылары Қазақстанда жаттығуда
10.08.2026, 13:25
Оқушыларға тазалық дағдылары ойын арқылы түсіндіріледі
10.08.2026, 13:21
Ертіс – Баян өңірінде Абай әндері шырқалды
10.08.2026, 13:18
Сицилия жағасынан 2 ғасыр бұрынғы кеме табылды
10.08.2026, 13:15
Қытайдағы тайфун салдарынан миллионнан аса адам эвакуацияланды
10.08.2026, 13:12
«Қазгидромет» күн райына қатысты ескерту жасады
10.08.2026, 13:10
Ерекше қажеттіліктері бар сайлаушыларға жағдай жасалуда
10.08.2026, 13:07