Оқушыларға тазалық дағдылары ойын арқылы түсіндіріледі
Ақтөбеде лагерьлерде демалып жатқан оқушыларға тазалық дағдылары ойын арқылы түсіндіріліп жатыр.
«Тазалық – мәдениеттің белгісі» деп аталған танымдық іс-шараға экологтар мен өзге де мамандар арнайы шақырылды. Балалар алдымен өздері тұрып жатқан елді мекендердің тазалығына қатысты ойларын ортаға салды. Қойылған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, қоқысты дұрыс сұрыптауды үйренді. Оқушылар алдағы уақытта қалдықтардан пайдалы зат құрастыруды да меңгермек.
Нәзия Есқазиева, мемлекеттік экологиялық инспектор:
«Эко-қаһарман» ойынын алып келдік. Ол қазіргі кезде экологияны қорғау үшін, балалар өз тарапынан не жасай алады, қандай істер арқылы табиғатты қорғауға болады? Ситуациялық сұрақтар қоямыз, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін сол ойын арқылы балаларға жақсы түсінікті болады деп ойлаймыз.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанға Бельгиялықтар Королі мен Патшайымы мемлекеттік сапармен келеді
11.10.2026, 19:39
Аваза саммиті: Қазақстан қандай бастамалар көтерді?
11.10.2026, 18:30
Контенттен кәсіпке дейін: Әлеуметтік желіні қалай тиімді пайдалануға болады?
11.10.2026, 18:05
Зейнетақыны есептеу: Зейнетке шығарда нені ескеру керек?
11.10.2026, 17:58
Ұ. Мырзуанның өліміне қатысты сот ісі прокуратураға қайтарылды:Тағы кімдер жауапқа тартылады?
11.10.2026, 17:45
Жасанды интеллект егістікке жетті: Қазақстандық шаруалар жаңа технологияны қалай игеріп жатыр?
11.10.2026, 17:21
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15