Басты Жаңалықтар «Қазгидромет» күн райына қатысты ескерту жасады

«Қазгидромет» күн райына қатысты ескерту жасады

Қазақстанның барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. «Қазгидромет» мәліметінше, бірқатар облыста ауа температурасы +43 градусқа дейін көтеріліп, найзағай, бұршақ, шаңды дауыл және екпінді жел күтіледі. Ең жоғары температура Қызылорда облысында болуы ықтимал. Өңірдің орталығы мен шығысында ауа температурасы +43 градусқа дейін көтеріліп, шаңды дауыл соғады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі бар. Солтүстік Қазақстан облысында аздап жаңбыр жауып, найзағай соғып, бұршақ түсуі мүмкін. Атырау облысында  ауа температурасы күндіз +39 градусқа жетуі мүмкін. Алматы қаласы мен Алматы облысының таулы аудандарында, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және бірқатар солтүстік өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Түркістан облысының, таулы аудандарында да жаңбыр мен найзағай болуы ықтимал. Өңірде төтенше өрт қаупі бар. Мамандар тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.


Бөлісу