Түркістанда баласын 7 млн теңгеге сатпақ болған әйел ұсталды
Түркістан қаласында бір жасар баласын 7 млн теңгеге сатпақ болған әйел ұсталды. 27 жастағы келіншек бұл ойын алдымен нотариустардың біріне жеткізген. Алайда ол райынан қайтармақ болғанымен, күдікті көнбеген. Сондықтан нотариус полиция мен прокуратураға хабарлаған. Ақыры баланың анасы 7 млн теңгені алу кезінде қолға түсті. Тергеу барысында күдіктінің Төлеби ауданының тұрғыны екені анықталған. Түркістан қаласында жезөкшелікпен айналысып жүрген болып шықты. Ал, нәресте екі күн бойы ыстығы көтеріліп, үйінде қараусыз жатқан. Өкпесінің бір жағы қабынып, ауырған. Сондықтан ол дереу ауруханаға жатқызылған.
Ғалымжан Оңалбек, Түркістан қалалық прокуратурасының прокуроры:
Баласын сатпақшы болған Е есімді азаматша қазіргі таңда ұсталды. Ол кісіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 2 бөлігінің 12 тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Әлібек Ақжігітов, Түркістан қалалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
Келген кездегі шағымдары дене қызуының жоғарылауы, ентігу. Үй жағдайында тырыспа болған. Алғашқы кезде көмек көрсетіліп, педиатрия 2 бөлімшесіне жатқызылды. Қазіргі уақытта жағдайы келгендегіден жақсы. Қанағаттанарлық десек болады.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықаралық цирк фестивалінің жеңімпаздары анықталды
27.07.2026, 17:09
Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа келді
27.07.2026, 17:08
Ғылымды дамытуға арналған кешенді жоспар жобасы таныстырылды
27.07.2026, 17:05
Ел жаңалықтарына шолу
27.07.2026, 17:04
Жарқайың ауданында ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 50 млрд теңгеден асты
27.07.2026, 17:02
Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды
27.07.2026, 17:01
Нью-Йорктегі өрттен 21 адам зардап шекті
27.07.2026, 17:00
Президент Атырау облысының әкімін қабылдады
27.07.2026, 17:00