Қостанайда қорқытып, ақша талап еткен күдіктілер ұсталды
Қостанайда бұрын сотталған 2 ер адам 5 млн теңгеге жуық ақша алу кезінде ұсталды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, олар қыркүйек айынан бері жәбірленушіні қорқытып, қажет болса күш қолданамыз деп, 17 миллион теңге талап еткен. Күдіктілерді Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы және «Бүркіт» арнайы бөлімінің жасағы бірлесіп ұстады. Тінту барысында 4,4 миллион теңге, Kia Sportage автокөлігі және ұялы телефондар тәркіленді. Ер адамдардың әрекеттері алдын ала сөз байласып, қорқытып алушылық ретінде сараланды. Екі күдікті де тергеу изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01