Түркістан облысында екі туристі іздеу шаралары нәтиже бермей отыр
Түркістан облысындағы Сайрам-Өгем ұлттық паркінің аумағында жоғалған екі туристі іздеу жұмыстары жалғасуда.
Бүгін бір студент пен оқушыны іздеу шараларына өңірдің төтенше жағдайлар қызметі мен полиция, еріктілер мен альпинистерден құралған 100-ге тарта адам жұмылдырылған. ҚазАвиақұтқару мекемесінің екі тікұшағы да тартылған. Алайда ұлттық парктің аумағы мен Өзбекстанмен шектесетін жерлерді қарап шыққан құтқарушылар екі баланың да табылмай отырғанын айтады.
Талғат Досалиев, облыстық ТЖД басқарма бастығы:Іздеу жұмыстарын өзен арналарын, шатқалдарды қарау жұмыстарына жүру арқылы, квадрокоптер қондырғысы арқылы шолу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда нәтижесіз. Іздеу жұмыстары жалғасады, тоқтатылмайды.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Қостанайда қорқытып, ақша талап еткен күдіктілер ұсталды
02.11.2026, 10:00
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00