Елбасына сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары туралы есеп берілді
Елбасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алғалы елімізде жемқорлыққа қарсы күреске қатысты ілкімді істер атқарылғанын атап өтті. Кездесу барысында Марат Ахметжанов агенттік жүзеге асырып жатқан талдаулар мен алдын алу шараларына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту жұмыстарына, сондай-ақ осы саладағы қызметтің тиімділігін арттыруға қатысты жұмыс жоспарларына тоқталды. Агенттік төрағасының сөзінше Қазақстан сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде 122-орыннан 94 орынға ауысып, өз позициясын жақсартты.
Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы:
Біз тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап, жемқорлыққа қарсы жұмыстарды қолға алдық. Алайда атқарылар жұмыс әлі де көп. Бұл жұмыстарға қоғамды тарту керек. Бұл тұрғыда әлемдік тәжірибеге де сүйенуге болады. Оны енгізуді және зерттеуді жалғастыру қажет.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01